Accessibility links

Ирақтағы бүлікшілер АҚШ базасы мен Рамади қаласындағы үкімет ғимараттарына шабуыл жасады


БАҒДАД. Бетіне маска киген қарулы адамдар Ирақтағы “Әл-Қаида” ұйымы Рамади қаласын өз бақылауына алды деген үндеу парақшаларын таратты. Бірақ бірнеше сағаттан кейін қарулы адамдардың көбі таралып, қаладағы жағдай айтарлықтай тынышталды. Ал Бағдадта орын алған шабуылдан Ирақ қорғаныс министрінің кеңесшісі жараланып, оның оққағары құрбан болды. Сонымен қатар, Бағдадтағы АҚШ елшілігі Ирақта кепілдікте отырған шетел азаматтарының азат етілуін талап етті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG