Accessibility links

Еуропа Одағы Украинаны нарық экономикасы бар ел деп таныды

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Еуропа одағы мен Украина арасындағы алғашқы саммитте Еуропа басшылары бұл елге нарық экономикасы мәртебесін берді. Сондай-ақ аталған ұйым Украина елінің Әлемдік Сауда ұйымына мүшелігіне де қолдау көрсетпекші. Осы орайда Еуропа одағы мен Украина арасындағы еркін сауда аймағын құру жоспары да талқыланбақшы.

Украинаға нарық экономикасы мәртебесін беру жөнінде Еуропа одағының қабылдаған шешімі бұл ел экономикасын бір түнде жақсарта қоймас. Дей тұрғанмен, бұл үдеріс Виктор Юшенконың өкіметіне символикалық қолдау көрсету боп табылады. Ресми мәлімдемені Британия өкімет басшысы Тони Блейр бейсенбі күні Киевте жасаған болатын.

“Бұл саммиттің Еуропа одағы мен Украина арасындағы өте табысты басқосу ғана емес, сондай-ақ осындай нәтижеге келгеніміздің айқын белгісі екендігіне үміттенемін және сенемін. Келер болашақта Еуропа одағы мен Британияның сіздердің әріптестеріңіз болатындығына сенімді күйде қалыңыздар”, - деді Блейр мырза.

Еуропа комиссиясының төрағасы Хосе Мануил Баросоның пікірінше, Украйн елі аз ғана уақыт ішінде ұзақ жолды жүріп өтті. Аздаған шаралар жүзеге асырылғаннан кейін нарық эконимикасы мәртебесі таныстырылатын болады, деді төраға. Украинаның барлық талаптар үдесінен шыққандығы, сондай-ақ техникалық зерттеулерді жүргізуге кепілдікті осы ұйымның бергендігін бейсенбі күні комиссия өкілі жариялады.

Сөз болып отырған жаңа мәртебе өз күшіне келер жылдың басында енеді деп болжам жасалған еді. Еуропа одағының шешімін Украина елбасы Юшенко қызу қуаттады.

“Бүгінгі саммиттің маңызды қорытындыларының бірі нарық экономикасы мәртебесіне ие болу үшін Украинаның техникалық бес өлшем үддесінен шыққандығын мойындау болды. Бұл саяси шешімді формализациялау аса ұзаққа созыла қоймас деп сенеміз”, - деді Юшенко мырза.

Бұл өзгерістің тағы бір пайдалы тұсы алдағы уақытта Украинаға “Еуропа базарын арзан тауарлармен заңсыз түрде толтырып тастады” деген айыптаулардан аталған мәртебе ресми Киевті қорғайтын болады. Себебі, одаққа мүше елдерге сырттан арзан қолды, сапасыз тауарлардың әкелінуіне тосқауыл қою үшін Еуропа одағы бірнеше шаралар қолданып келеді.

Украинаның сауда жөніндегі әріптесі ретінде Еуропа одағы Ресейді қуып жеткен болатын. Сондықтан да бұл шешімнің орыны- ерекше. Көптеген сарапшылардың айтуынша Украинаның нарықтық экономика мәртебесін анықтау шешімінің бұл ел үшін сауда-саттық пайдасынан гөрі саяси символдық мәні басым болып тұр. Осындай шешімнің жасалуы Украинаның Еуропа одағына мүшелігі бағытында жасалған ілгерішіл қадам, деп сенеді елбасы Юшенко.

Қызыл-сары төңкеріс барысында билікке әкелінген бір жылдан бергі аралықта көптеген жетістіктерге қол жеткізе алмады, деп Юшенко қатты сынға ілінген болатын. Сондықтан да бейсенбідегі шешім Юшенкоға көмектесетін сыңайлы. Еуропа одағы келер жылдың наурыз айында Украинада еркін де әділ Парламенттік сайлаулардың өтілуін күтуде. Содан кейін Украинаның заң шығару саласынның Еуропа одағының талаптарына сай үрдіске тездетіп ілесуін талап етпекші.
XS
SM
MD
LG