Accessibility links

Әзірбайжанның жаңадан сайланған парламентінің бірінші сессиясы ашылды


Баку. Үшінші шақырылымдағы Әзірбайжан Милли мәжілісінің 6 қарашада сайланған депутаттары негізінен ұйымдастыру мәселелерін талқылап, спикер мен оның үш орынбасарын сайлауда. Мәжіліске оппозициялық Азадлы блогының өкілдері сайлау қорытындыларына наразылық белгісі ретінде келмей қалды. Жаңа парламенттегі 125 орынның 8-і ғана оппозиция еншісіне тиген болатын. Бүгінгі жұмысқа кіріскен депутаттардың саны 115. Осының алдында ғана Әзірбайжанның Конституциялық соты сайлау қорытындысы жаппай бұрмаланғаны себепті 10 округта қайта сайлау өткізілсін деген шешім шығарған-ды.
XS
SM
MD
LG