Accessibility links

Украина астанасында аймақтық демократияны дамытуға арналған «Демократиялық таңдау қауымдастығының» форумы басталды


Киев. Оны бір жыл бұрын қызғылт-сары төңкерістің нәтижесінде билікке келген Украина президенті Виктор Ющенко ашты. Бақылаушылардың кейбірі мұндай форум постсоветтік кезеңдегі Ресейдің жетекшілігін әлсіретуге бағытталған деген пікірлер айтқан болатын. Украина президенті өз сөзінде бұл бастама үшінші бір елге немесе мекемеге қарсы бағытталған шара емес деп атап көрсетті:

- Бастамамыз үшінші бір елге қарсы емес, керісінше Демократиялық таңдау қауымдастығы достар мен идеялас, мақсаттастар арасында демократияны дамытып, заңдылықты сыйлау мен сақтауға арналған ашық пікір алмасу, - деді ол.

Бұл форумға Ресей президенті В.Путин де шақырылған, бірақ ол осы жиынға Киевтегі Ресей елшілігінің өкілдерін жіберді. Форум жұмысына Украина, Грузия мен Молдова, Балтық елдері мен Румыния, Словения елдерінің басшылары, сондай-ақ Польшаның, Әзірбайжанның, Европадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымы мен Европа кеңесінің өкілдері қатысуда. Форумның басты тақырыбы - аймақтағы демократияны нығайту және экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері. Демократиялық таңдау қауымдастығы осы жылдың тамыз айында Украина мен Грузия президенттерінің бастамасымен құрылған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG