Accessibility links

АҚШ әскерилері Ирақта жанкештілік бомба жарылыстары азая түсті, алайда түрлі шабуылдар етек алуы мүмкін деп ескертеді


Бағдад. АҚШ пен Ирақ әскерлері Сириямен шекараға жақын маңайда бекінген шетелдік күрескерлер мен көтерілісшілерге қарсы шабуылдар басталған жеті айдың соңғы айында жанкештілік шабуылдар сәл сиреді дейді. Дегенмен де бейсенбі күні хабарлама жасаған генерал-майор Рик Линчтің айтуынша, соңғы айда Ирақта 85 АҚШ жасағы опат болған. Линч сондай-ақ 15 желтоқсанда өтетін парламенттік сайлау алдында көтерілісшілердің шабуылдары арта түсуі мүмкін деген ескертуді тағы да қайталады. Бейсенбі күні сондай-ақ Бағдадтағы АҚШ елшілігі Ирақта кепілдікте ұсталып отырған адамдардың барылғы босатылсын деген талап қойды.

Бұдан екі күн бұрын Ирақта екі канадалық, бір британдық және американдық бітімгершілік қызметкерлері ұрлап әкетілген болатын. АҚШ пен Ирақ жасақтары батыстағы Рамади қаласында көтерілісшілерге қарсы жаңа арнайы операциялар өткізуде. Операцияның мақсаты 15-желтоқсанда болатын парламент сайлауы алдында қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

AzattyqTV

Теңіз жағасындағы үй

Людмила Путинаның вилласы

XS
SM
MD
LG