Accessibility links

Беларус өкіметі қолданыстағы заңға билікті ғайбаттағандарды түрмеге жабатын түзетулер енгізді


Минск. Беларус парламенті елдің Қылмыстық кодексіне президент Александр Лукашенконың билігінің атына кір келтіретін әрекеттер жасаған адамды жауапкершілікке тартатын өзгеріс енгізді. Ол бойынша шет мемлекетке Беларус елінің саяси және экономикалық ахуалы турасында жалған мәліметтер берген адам екі жылға дейін бас бостандығынан айрылады. Ал мемлекеттің тәуелсіздігі мен біртұтастығына нұқсан келтіретіндей ұран тастаған азаматтарға үш жылға дейін түрме жазасын беру көзделген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG