Accessibility links

«Human Rights Watch» ұйымы Қазақстан билігін айыптады


Алматы. «Human Rights Watch» ұйымы Қазақстан билігін ислам экстремистері деп күдіктелген өзбек босқындарын заңсыз және жасырын түрде Ташкентке қайтарып жіберді деп айыптады. Нью-Йоркте орын тепкен «Human Rights Watch» ұйымының мәлімдемесінде мұның өзі жексенбідегі президенттік сайлау алдында Қазақстан билігінің репрессиялық қимылдарға барып отырғанын дәлелдейді деп атап көрсетілген. Аталған ұйымның деректері бойынша, 29 қарашада Шымкентте ұсталған 10 өзбек босқыны келесі күні Өзбекстанның билігіне өткізілген.
XS
SM
MD
LG