Accessibility links

Ирақта бір күнде он бір америкалық сарбаз қаза тапты


Фаллуджа қаласының маңында кеше жолға қойылған бомба жарылып, он америкалық сарбаз қаза тапты, он бірі жараланды. Солдаттар жаяу күзетте болған. Кеше ,сол сияқты, бір америкалық сарбаз қайтыс болды, ол бір күн бұрын Рамади қаласында жараланған. АҚШ және Ирақ әскерлері Рамади қаласында көтерілісшілерге қарсы жаңа операция бастады. "Әл Жәзира" араб телекомпаниясы кепілдікте отырған христиан қайырымдылық ұйымының төрт белсендісінің өмірлеріне қауіп төнді деп жариялады. Оларды ұрлағандар АҚШ және Ирақ үкіметтері 8 желтоқсанға дейін елдегі түрмелерінен барлық тұтқындарды шығырсын, әйтпесе кепілдікке алынғандарды өлтіреміз деп талап қойды. АҚШ үкіметі адамұрлаушылармен ешқандай келіссөз жүргізбейміз деген.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG