Accessibility links

Қытайда адам азаптау әлі өте көп болып отыр


БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комиссиясы азаптау мәселелері жайындағы арнайы өкілі Манфред Новак Қытайда адамдарды азаптау азайса да, ол әлі үлкен мәселе болып отыр деп мәлімдеді. Манфред Новак Қытайда 12 күн зерттеу жасап, қортынды мәлімдемесін кеше ел астанасы Пекинде жасады. Қамауға түскендер электртоғымен ұрылады, соққыға жығылады, ұйқыдан айырылады дейді БҰҰ арнайы өкілі. Азаптау нысанасына кейбір жеке топтардың өкілдері жиі алынады делінді. Мәселен, саяси диссиденттер, адам құқықтарын қорғаушы белсенділер, бейресми діни топтар өкілдері, тибет және ұйғыр азаматтары азаптауға жиі тап болады.
XS
SM
MD
LG