Accessibility links

Еуропа ұйымы Әндіжан соттарына бақылаушыларды кіргізуді сұрайды


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Өзбекстанға қайырылып, Әндіжан көтерілісіне қатысты деген азаматтардың үстінен өтіп жатқан жабық соттарға халықаралық бақылаушыларды кіргізуді сұрады. Ұйым Өзбекстан үкіметі берген уәдені алға тартып отыр. Мәліметтерге қарағанда, мамыр айында Әндіжанда террорлық қимылдарға қатысты деген айып бойынша 58 азаматтың үстінен сот процестері өткен аптада басталды және олар жабық есік жағдайында жүріп жатыр. Өзбек әскері 13 мамырда Әндіжанда бейбіт демонстрацияға шыққан халықты атқан болатын, жүздеген адам қаза тапты. Бұдан соң тағы жүздеген адам босып кетті.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG