Accessibility links

Беларуста халық наразылығына қарсы заң қабылданды


Беларус парламентінің төменгі палатасы президент Александр Лукашенконың авторитарлық үкіметіне қарсы халық наразылығын тұсауға бағытталған заң қабылдады. Кеше мақұлданған заңда демонстрацияны бастаған, заңсыз ұйымға қатысқан не болмаса ұлт мүддесіне қарсы ақпарат таратқан кез-келген азамат қатаң жаза алады деп көрсетілді. Оппозиция мұны қысымды ұлғайту деп қабылдады, 2006 жылға белгіленген президенттік сайлау қарсыңында ел еңсесін басу дейді. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Беларустағы жаңа заңға қатты алаңдаушылық танытты.
XS
SM
MD
LG