Accessibility links

Кеше Ирақта жарылыс пен қақтығыстарда кемінде 19 Ирақ жауынгері мен 10 АҚШ теңізшісі қаза болды


БАҒДАД. Ирақтағы сүнниттердің жетекші саяси партиясы елдегі көтерілісшілерді тұтқында кепілдікте ұстап отырған батыс елдерінен келген 4 христиан белсендісін босатуға шақырды. Ислам партиясының атап көрсетуінше, кісі ұрлау шариғат заңына қайшы келіп, исламға кір келтіреді және Ирақтан АҚШ күштерін шығару үшін күрескендердің іс-әрекетін қиындатады. Осы 4 адамды босатуға әрекеттеніп көру үшін Ираққа кеше Англиядағы мұсылман ұйымының өкілі де келді. Кеше Ирақтың Баакуба қаласының іргесінде болған жарылыс пен атыстан кем дегенде 19 Ирақ жауынгері қаза тапты. Ал Әл-Фаллуджа қаласындағы тосын шабуылдан АҚШ-тың 10 әскери теңізшісі оққа ұшты.
XS
SM
MD
LG