Accessibility links

Украина президентінің жарлығымен Қырым түбегіндегі барлық үй құсы қырылады


КИЕВ. Украина президенті В.Ющенко Қырым түбегінің “құс тұмауы” бұрқ етіп шыққан аудандарына төтенше жағдай енгізді. Президенттің жарлығына сәйкес, қауіпті вирустың кең тарауына жол бермеу үшін Қырым түбегінің кейбір ауданындағы үй құсы түгел жойылатын болады. Бұқара халықтың барлық шығыны нарықтық бағамен өтеледі. Қырымның барлық базарында үй құсының етін сатуға тыйым салынды. Қырым түбегінің аудандарында 1,5 мыңға жуық құс қырылды. “Құс тұмауының” ошақтары жабайы құстар көп келіп қонатын Сиваш көлінің маңайынан табылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG