Accessibility links

Ресей мен Германияның сыртқы істер министрлері “Иран мәселесін” талқылады


МӘСКЕУ. Иранның “ядролық бағдарламасы мәселесі” - Ресей мен Германияның сыртқы істер министрлері С.Лавров пен Франк-Вальтер Штайнмайэрдің Мәскеудегі келіссөзі барысында талданған аса өзекті тақырып болды. Кеше кеш аяқталған келіссөздің артынша С.Лавров Мәскеудің ұсынған жоспарын іске асыруға болатын “бірден бір ұсыныс” деп бағалады. Оған сәйкес, Иран өзінің ядролық бағдарламасына Ресейде байытылған уранды пайдалана алады. С.Лавровтың атап көрсетуінше, бұл жоспар барлық жақтың мүддесін қанағаттандыратын және Иран проблемасын тиянақты шеше алатын келісімдерге жеткізіп, екі арада сенім туғызады. Өз кезегінде Штайнмайэр Иранды ашықтыққа шақырды. АҚШ пен Еуроодақ Иран астыртын ядролық қару шығаруды мақсат етеді деп күдіктенсе, Иран өзінің ядролық бағдарламасы электр қуатын өндіруді көздейді деп дәлелдеп келеді.
XS
SM
MD
LG