Accessibility links

Қазақстан президенті Назарбаев бұл сайлау әділ өтіп жатыр десе, оппозиция өкілдері бұл пікірмен келіспей отыр


Қазақстан президенті Назарбаев және оның зайыбы Сара Назарбаева Астанадағы екінші сайлау учаскесіне келіп, Назарбаев электронды жүйе арқылы, ал, Сара Назарбаева қағаз бюллетенмен дауыс берді. Айта кететін жайт, «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының төрағасы, Қазақстан президенттігіне кандидат Жармахан Тұяқбай дауысын бюллетенмен берді. Президент Назарбаев бұл сайлау әділ өтіп жатыр десе, оппозиция өкілдері ол пікірмен келіспей отыр.

Ресми ақпарат бойынша, дауыс беруде ауыл тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Астанадағы екінші сайлау учаскесіндеде таңғы сағат 7-ден бастап халық лық толы болды.

Тіпті жұрт сыймағандықтан кезекте тұрып дауыс беруге мәжбүр болды. Алайда, президент келген кезде жұртшылық өкілдері оны жарты сағат күтуге тура келді. Ал, Қазақстан президенті Назарбаев учаскеден шыққананн кейін, бұл сайлау науқаны демократиялық үрдісте өтті деп хабарлады:

- Барлық үміткерлерге бірдей жағдай жасалды, мен өзім бұл сайлау науқанында елді аралап, жеке басым ешқандай үгіт-насихат жүргізгем жоқ.

Сондай-ақ, Қазақстан президенті Назарбаев жұртшылықты кезекті рет тұрақтылыққа шақырды:

- Біздің халқымыз елдегі тұрақтылыққа, елдің өркендеп өсу жолына дауыс береді, ешқандай бос сөзге алданбайды деп сенемін

Ал, үміткер Жармахан Тұяқбайдың Астаналық штабының жетекшісі Серікбай Әлібаев президенттің айтқанын теріске шығарып отыр:

- Бұл қулық, тәсіл. Біркелкі жағдай бәріне жасалған жоқ. Жарнамаға орын берілген жоқ. Бүгін, сайлау күнінің өзінде көп бақылаушылар қуылып жатыр. 44 учаскеде бюллетень жетпейді деп, бәрің электронды дауыс беріңдер деп қысым жасап жатыр. Біздің белсенді адамымыздың немересін 18-ге толған деп тізімге жазып қойыпты. Соны айтса, олар полиция жинап, оның өзіне акт жасапты.

Айта кететін жайт, Астанадағы Орыс драма театрынның ғимаратында орналасқан нөмірі екінші сайлау учаскесінде 1600-ден астам адам тіркелген. Және олардың ішінде жоғары лауазымды шенеуніктердің барлығы дерлік бар. Аталған сайлау учаскесіне сондай-ақ, өзге де лауазымды басшылары – Парламент палаталарының төрағалары, Премьер-Министр және барлық дерлік министрлер келіп, президент сайлауына дауыстарын берді. Сондай-ақ осы учаскеде, президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаева, президенттің ортаншы қызы Динара Назарбаева президенттің күйеу баласы Сыртқы істер министрінің орынбасары Рахат Әлиев және екінші күйеу баласы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы президентінің орынбасары Тимур Құлыбаев та осы учаскеден дауыс берді. Нөмірі екінші сайлау учаскесі комиссиясының төрайымы Амиза Құсайынованың айтуынша, бұл адамдардың барлығы тұрғылықты орындары бойынша дауыс берген:

- Олардың барлығы Республика көшесінде тұрады, бәрі осы учаскеде, сондықтан, осы жерде беріп жатыр.

Қазақстанның Орталық сайлау коммиссиясы елдегі президенттік сайлауға келген 1634 шет елдік бақылаушыны тіркеді. Олардың ішінде 474 адам Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан, ал, 420 адам Тәуелсіз мемлекеттер достастығынан. Негізінен, сарапшылар беріп жатқан бағаларына орай, бақылаушыларды екі ірі лагерге бөліп отыр. Бірі Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан, екіншісі Тәуелсіз мемлекеттер достастығынан. Соңғы бақылаушлыр миссиясының жетекшісі Владимир Рушайло қазіргі сайлау компаниясын мадақтап баға беріп келеді. Оның айтуынша, сайлау дайындығы жоғары және электронды дауыс беру әдісінің болашағы мол.

Әйтседе, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы миссиясының жетекшісі Владимир Рушайлоның айтуынша, техникалық бұзушылықтар болған, жекеше айтқанда кабинада бюллетень толтырылғанда екі адам болған, бірнеше факті болған және бір оқиғада бір адам бірден екі бюллетень салған деді ол.

Ал, Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан келген миссия жетекшісі Одри Гловер сайлау басталмай жатып, сайлау кезіндегі заң бұзушылықтар болуы мүмкін деп алаңдаушылық білдіріп келген. Бірақ, ол бұл сайлау учаскесінде болған жоқ. Нөмірі екінші сайлау учаскесі комиссиясының төрайымы Амиза Құсайынованың айтуынша, неліктен бұлай болғандығын ол білмейді:

- Онысын мен білмеймін, өйткені, оларды Орталық сайлау комиссиясы жібереді.

Ал, Астана жұртшылығы өкілдерінің сайлау дайындығына және үміткерлерге қатысты пікірлері әр түрлі:

- Дауыс беруге тым қолайлы болған қож. Тізім жақсы дайындалмаған, әліпби әріптері, көше аттары қойылмаған, ал, жалпы дауыс бердім. Мен Нұрекені қолдаймын.

- Жаңа мен Нұрекеңді кездестірдім, ол кісі мемлекеттің жығуында тігуінде біледі. Ол кісінің мемлекет басқарудағы тәжірибесі үлкен байлық.

- Оппозицияға сенбейсіз бе ?

- Жақсы соғыстан гөрі жаман бейбіт өмір жақсы дейді.

- Назарбаев кетсе соғыс басталып кетеді деп сізге кім айтты?

- Ақылмен істеу керек бәрін, мысалы Болат Әбіловқа сол байлық қайдан келді.

- Назарбаевқа дауыс беремін. Әлі де қолға алынбай жатқан нәрсе бар, бірақ, бұрынғыға қарағанда Қазақстан көп дамып алға шықты.

- Мен Жармахан Тұяқбайға беретін себебім - ол әділеттілікті жақтайды, парақорлықтан таза. Назарбаев сияқты диктатор емес. Оның бағдарламасы ойымнан шығады, биліктікіне қарағанда Жармахандікі халыққа 90 пайыз жақын. Енді қалған үміткерлердікі Оңтүстік әдіс, алдау баяғы, арада саяси ұпай жинап, өз беделін көтермекші.

Ал, Республика бойынша барлығы 9580 сайлау учаскесінде дауыс беру өткізілуде. Олардың 15 пайызында сайлаушыларға «электрондық сайлау» жүйесінің көмегімен дауыс беру мүмкіндігі берілген.
XS
SM
MD
LG