Accessibility links

Ресми Брюссель өзбек, беларусь, түркімен елдерін адам құқықтарын сақтауға шақырды


ЛЮБЛЯНА. Бүгін Еуропа Одағы Өзбекстан, Беларуссия және Түркіменстанды адам құқықтары бойынша Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы алдындағы міндеттемелерін орындауға шақырды. Словения астанасы – Любляна қаласында басталған аталмыш еуропалық ұйымның 2 күндік конференциясында бүгін Еуроодақтың өкілі Ян Персон Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше болып қабылданған кезде жауапкершілігіне алған ережелерді осы 3 мемлекеттің бұзап келе жатқанын атап көрсетті. Ол Өзбекстан үкіметінің мамыр айында Әндіжан қаласындағы халық толқуын аяусыз басып-жаншығанын мысалға келтірді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG