Accessibility links

Бағдадта бұрынғы диктатор С.Хусеин мен оның жақын 7 үзеңгілесінің соты жалғасты


БАҒДАД. Ирақтың бұрынғы президенті Саддам Хусеин мен оның жақын 7 үзеңгілесінің соты бүгін Бағдадта адвокаттардың наразылық білдіруінен туған 1,5 сағаттық үзілістен соң қайта жалғасты. С.Хусеиннің адвокаттары соттың заңсыздығына байланысты өздерінің пікірін айтуға судьяның тыйым салуына қатты наразы болды. Ал бұл жолы оларға өз пікірлерін айтуға мүмкіндік беріле ме, жоқ па, ол әзірше белгісіз. Ирақ полициясы бүгін қарақшылар Бағдадта францұз инженерін ұрлап алып кеткенін хабалады. Францияның сыртқы істер министрлігі бұл хабарды растады. Соңғы кезде Ирақта шетелдік азаматтарды ұрлап алып кету жиілеп кетті.
XS
SM
MD
LG