ВАШИНГТОН. Бүгін АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс Германия, Румыния, Украина сынды бірқатар Еуропа еліне сапарға бару мақсатында және НАТО-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің Брюссельдегі бас қосуына қатысу үшін жолға шықты. Осы сапарының барысында К.Райс ханым Шығыс Еуропа елдерінде АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының “құпия түрмелері бар” деген хабарға байланысты Еуроодақтың АҚШ-қа жолдаған сауалына жауап беруге тиіс. Осы күнге дейін ресми Вашингтон әлгі хабарды не жоққа шығармады, не растамады.
К.Райс Еуропада Орталық барлау басқармасының “құпия түрмелері бар” деген хабар бойынша Брюссельдің сауалдына жауап беруге тиіс
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?
-
Шығыс Қазақстан облысы
Кеніш үстіндегі Зайсан ауданының ауылдары неге газбен қамтылмай қалды?