Accessibility links

Өзбекстан соты “Әндіжан қантөгісіне” байланысты тағы 25 кісіні түрмеге жапты


ТАШКЕНТ. Өзбекстан үкіметі осы жылдың мамыр айында Әндіжанда болған халық толқуына байланысты тағы 25 адамды түрмеге жапты. Бүгін Өзбекстанның Жоғарғы Соты осы 25 адамның жұма күні аяқталған жеке-жеке 2 сот процесінде жазаға кесілгендерін хабарлады. Өткен айда өзбек соты Әндіжандағы халық толқуына байланысты 15 кісіні 14-тен 20 жылға дейінгі мерзімдерге бас бостандықтарынан айыру туралы шешім шығарды. Оларға “кісі өлтірді”, “терроризммен шұғылданды”, “экстремистік ислам ұйымдарының мүшесі ретінде Өзбекстанның конституциялық билігін құлатып, ислам халифатын құруды көздеді” деген айыптар тағылды.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG