Accessibility links

Бүгін Ресейдің бұрынғы премьер министрі Михаил Касьянов оппозициялық одақ құратынын мәлімдеді


Ол өзі жетекшілігіне келген Ресейдің Демократиялық партиясының негізінде бірқатар либералды партиялармен бірігіп оппозициялық одақ құратынын айтты. Касьяновтың сөзіне қарағанда, қазірде Яблоко, Оңшыл күштер мен басқа да бірнеше партиямен келіссөздер жүргізілген. Касьянов тағы өзінің 2008 жылы болатын президенттік сайлауға қатысатынын хабарлады. 4-ші желтоқсанда өткен Мәскеу қаласының Думаға сайлауында “Единая Россия” партиясының барлық жеңісті иеленуі - Ресейдегі демократиялық күштердің әлсіз екенін көрсетті деген ол. Бұл Ресейдің Демократиялық партиясы 1990 жылдары құрылған болатын.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG