Accessibility links

Молдова өз тәуелсіздігін жарияланған Днестр жағалауы республикасындағы сайлауды мойындамауға шақырады


КИШИНЕУ. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы осы жексенбі күні Молдованың Днестр жағалауы республикасында өтетін парламент сайлауына өзінің бақылаушыларын жолдамайды және сайлаудың заңдылығын мойындамайды. Еуропалық ұйымның Молдовадағы миссиясының өкілі Клаус Нойкирхтың кеше мәлімдегеніндей, ресми мойындалмаған аталмыш республиканың билігі сайлауалды науқанының барысына дөрекі түрде килігіп жатыр. Оның алдында Днестр жағалауы республикасының басшылығы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан, Украина мен Ресейден бақылаушыларын жіберуді өтінген болатын. Өз кезегінде Молдова әлем қауымдастығын сайлау қорытындысын мойындамауға шақырды.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG