Accessibility links

ЕҚЫҰ-ының жыл сайынғы конференциясы үшінші жыл қатарынан жанжалмен аяқталды


ЛЮБЛЯНА. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Любляна қаласындағы жыл сайынғы конференциясы кеше қорытынды құжат қабылдамай аяқталды – соңғы 2 жылдағыдай, қорытынды құжатты Ресей қолдамады. Аталмыш құжаттың Молдава мен Грузия территориясындағы өздерін “тәуелсіз” деп жариялаған республикаларынан Ресей әскерін шығару керектігі айтылған баптарына ресми Мәскеу қарсы шықты. Өз жағынан АҚШ егер Мәскеу өз әскерін шығару талабына көнбесе, кәдімге қару-жарақты қысқарту туралы жаңа келісімге қол қоймайтынын мәлімдеді. Конференция барысында, сондай-ақ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өзге елдердегі сайлауды бақылау мәртебесі төңірегінде жанжал шықты. Ресей оны қайта қаруды талап етсе, АҚШ пен Еуроодақ оған келіспеді. Оған қоса Қазақстанның сыртқы істер министрі Қ.Тоқаева республикадағы соңғы президент сайлауына Еуропалық ұйымның теріс баға беруіне наразылық білдірді.
XS
SM
MD
LG