Accessibility links

Ирақ сүннитері парламент сайлауына қатыспайды, бірақ оған байкот жариялауға шақырмайды


БАҒДАД. Кеше жанкешті-лаңкестердің Бағдадтағы полиция академиясында жүзеге асырған 2 жарылысынан, Ирақ үкіметінің дерегі бойынша, кемінде 36 адам құрбан болып, тағы ондаға кісі жараланды. АҚШ армиясы басшылығының мәліметі бойынша, 27 кісі опат болған. Бұл қастандықты Интернет-парақшасында шығарған мәлімдемесінде “Әл-Қаида”-ның Ирақтағы қанаты өзі ұйымдастырғанын мәлімдеді. Осы күні Ирақтағы сүннитердің жоғарғы діни ұйымы болып табылатын “Мұсылман қайраткерлерінің комитеті” 15-інші желтоқсанда өтетін парламент сайлауына қатыспайтынын мәлімдеді. Әйтсе де сүннитер сайлауға байкот жариялауға үндемеді.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG