Accessibility links

Мамандар табиғи апаттан зардап шеккен аймақтарға нақтылай ақша жіберу жөн дейді


Ұлыбританияда орналасқан Экономикалық ақпараттар одағы үлкен табиғи апаттардан кейін зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету жұмыстары қалай ұйымдастырылуы керек деген тұрғыда жаңа баяндамасын жариялады. Аталған одақ Оңтүстік Азиядағы цунами мен жақында Пәкістанда болған жерсілкінісін мысал ретінде алып, табиғи апат орын алған елдерге нақтылай ақша беру ең жақсы жәрдем дейді.

Осы мәселеге орай Экономикалық ақпараттар одағының Азия мәселелері бойынша өкілі Бина Янг мынадай пікірін білдірді:

“Табиғи апаттан зардап шеккен аумақтардағы адамдарға қайырымдылық көмектерінің жетуі – “соңғы кезең” деп аталады. Өйткені зардап шеккен аймақтар немесе баспанасыз қалған адамдарға қайрымдылық көмектері жетіп баруы үшін қаншама бөгеттерден өтуі керек болады”.

Ал “Save the Children” немесе Балаларды қорғау қорының өкілі Гарес Оуен қайырымдылық көмектерін жеткізу кейде қиындық туғызады дейді.

“Мысалы, Пәкістан сияқты елдерге гуманитарлық жәрдемнің жетіп баруы өте қиын, өйткені ол жерлерде жолдар жоқ және лай тасқыны немесе ол жерлерде көп қар болғандықтан қаншама таулардан өту керек болады”, - дейді Оуен.

Ұлыбританияда орналасқан Экономикалық ақпараттар одағы үлкен табиғи апаттардан кейін зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету жұмыстары қалай ұйымдастырылуы керек деген тұрғыда жаңа баяндамасын жариялады. Аталған одақ 275 мың адамның өмірін қиған Оңтүстік Азиядағы цунами мен жақында Пәкістанда болған жерсілкінісін мысал ретінде алып, табиғи апат орын алған елдерге нақтылай ақша беру ең жақсы жәрдем дейді. Балаларды қорғау қорының өкілі Гарес Оуен да бұл пікірмен келіседі.

“Шри Ланкадағы көмек беру операцияларына мен жетекшілік еткенмін. Қайырымдылық көмектердің кемінде 80 пайызын сол елге жеткізе алдық. Кішкентай балаларға дәрілер мен азық-ауқатты ұшақ арқылы жеткіздік. Дегенмен зардап шеккен аймақтарға қайырымдылық көмектерін ұшақ арқылы жеткізу – бұл ең соңғы шара”, - дейді Оуен.

Бірақ, бәрібір бұл елдердің әуежайларын ашық ұстау маңызды дейді мамандар. Олар, сондай-ақ, келешекте әлемнің кез келген елінде үлкен табиғи апат орын алса, Пәкістан мен Оңтүстік Азиядағы алған сабақтар бізге көмектесуге тиіс дейді.
XS
SM
MD
LG