Accessibility links

Қазақстандық эколог президенттік додаға бәсекеге түсіп жатыр


Желтоқсанның 4-күні Қазақстанның экологиялық “Табиғат” одағының жетекшісі Мэлс Елеусізов президенттік сайлауға риза болғанын айтты. “Себебі, мен өзімнің алдыға қойған мақсатыма қол жеткіздім,”- деді ол. Енді қазақстандық эколог алғашқы үш орындардың біріне иемденсем деп, үміттеніп отыр.

Жексенбі күні өткен президент сайлауына үміткер ретінде қатысқан қазақстандық эколог Мэлс Елеусізов Алматыдағы №247 сайлау бөлімшесінде қағаз бюллетень арқылы дауыс берді. Дауыс беруден бұрын қазақстандық экологты сайлау бөлімшесінің жетекшілері құттықтап, гүл сыйлады. Электронды дауыс беру жүйесін мойындамаймын, деген Мэлс Елеусізов барған сайлау бөлімшесінде азаматтар дауысты қағаз бюллютені арқылы берді. “Бұл сайлаушылардың арасында экология жағдайына алаңдаған азаматтар маған дауыс беретініне сенімдімін,”- деді Мэлс Елеусізов. Сонымен қатар ол президенттік сайлаудың науқаны барасында атқарған ісіне риза болғанын жеткізді.

“Көніліміз жақсы, ауа-райы да жақсы, бізді қолдап тұр. Енді осыны бақылап көруіміз керек. Мені Алматы қаласы мен облысының азаматтары жақсы біледі, әрине бұл азаматтардың қатарына мен аралаған облыс тұрғындары да енеді. Енді түсінетін адамдар дауыстарын маған беруі тиіс, мен Қазақстанның көптеген жерін араладым, негізінен бізде экологиясы таза жерлер жоқ деп, айтуға болады. Мен сол апатты аймақтардың барлығын аралап шықтым”, - дейді Мэлс Елеусізов.

Бүгінгі таңда қазақстандық экологты республика азаматтарының белсенділік танытпайтыны алаңдатады. Бірақ өткен жылдармен салыстырғанда экологтың пікірінше, заң бұзушылық әрекеттері азайған. Ал, №247-ші сайлау бөлімшесінің жетекшісі Шолпан Нұрғалиеваның ойынша, сайлаушылардың белсендігі артта түскенін байқауға болады.

“Азаматтардың сана-сезімі өскен қазір жас, кәрі демей барлығы келіп жатыр. Осыдан 3 жыл бұрын мәслихат сайлауы болғанда, мен мұндай жағдайды байқаған емеспін, онда жастар мүлдем келген жоқ еді. Жылдан жылға халықтың белсенділігі артып келе жатыр деп айтар едім. Қазіргі кезде бұл белсенділік 50-60 пайызға жетіп отыр”, - дейді Алматыдағы №247-ші сайлау бөлімшесінің жетекшісі Шолпан Нұрғалиева.

Президенттіктен үміткер болған қазақстандық эколог Мэлс Елеусізов дауыс берген сайлау бөлімшесіне 9 бақылаушы келген, олардың басым көпшігі түрлі саяси партия мен қоғамдық ұйым өкілдері. Оларды бір шетте отырып, ары-бері жүруге мүмкіндігі болмады. Ал дауыс беру шарасын сырттан бақылаймыз деген азаматтарды сайлау бөлімшесінің мамандары мүлдем жақындатпады. Оған қарамастан “Ашық қоғам” атты тәуелсіз қор өкілдері өз қызметін сыртта атқарып тұрды, алайда олар журналистерге қандайда ақпарат беруден бас тартты. Ал сауалнамаға түскен азаматтар дер кезінде сайлау бөлімшесіне келгенін өзінің парызымен түсіндіріп жатты.

«Мен өзімнің Қазақстаныма, отаныма ризамын. Қазіргі кезде байқасаңыз елдер дауыс беру үшін кезекке тұрып жатыр, бұрын мұндай болған емес. Бұл қуантарлық жағдай деп айтар едім. Мәселен, мен өзім қайта құру кезінен бері келген емеспін, мен мемлекетіміздің болашағына сенемін, біздің ел әлемдегі өркениетті елдер қатарына қосылатынына сенімім мол. Үйде отыра бергенше, әр адам өз таңдауын жасағаны дұрыс емес пе?

«Барлық сайлауда, таңдау болу керек. Сонда әр адам өз таңдауын жасап, өзі ұнатқан адамға даусын береді», дейді Алматы тұрғындары.

Ал осы сайлаушылармен бірге дауыс беріп кеткен Қазақстанның “Табиғат” одағының жетекшісі Мэлс Елеусізов басқа да сайлау бөлімшелерін аралайтынын айтты. Егер заңбұзушылық орын алғанын байқаса, эколог Мэлс Елеусізов бар мәселені заң арқылы шешуді көздеп отыр.

“Мен өзім атқарған жұмысқа ризамын, халық табиғат мәселесі туралы толыққанды ақпарат алды. Егер заң бұзушылық орын алып жатса, мен халықты далаға шығармаймын, себебі мұның керегі жоқ. Оның үстіне Қазақстан үкіметі жан-жақты дайын отыр. Кейбір азаматтар халықты далаға шығару үшін жастарды пайдаланғысы келеді, менің пікірімше бұл дұрыс емес. Маған қандай орын алсам да бәрібір, себебі менің мақсатым халыққа табиғат мәселесін жеткізу болатын”, - дейді Мэлс Елеусізов.

Алматының Сейфуллин мен Мақатаев көшелерінің қилысында орналасқан сайлау бөлімшесіне 1883 адам тізім бойынша дауыс беруі тиіс. Астана уақыты бойынша сағат 20.00-де бұл бөлімше басқа бөлімшелер сияқты дауыс беру жұмысын аяқтайды.
XS
SM
MD
LG