Accessibility links

Баспасөзге шолу. 12.07.2005 жыл

  • Гүлмира ХАМЗА

Желтоқсанның 7 күні қазақстандық мерзімді басылымдар Қазақстанның жаңа сайланған президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Түркия, Тәжікстан, Өзбекстан, Қытай, Украина, Белорусь және Испания мен Иордания елдеріндегі әріптестері құттықтағаны туралы жазған. Сонымен қатар, сәрсенбі күні жарық көрген басылмдар өткен сенбіде Қазақстанда болған сайлауды Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым сынға алып отырғанын атап өткен.

Сәрсенбі күні жарық көрген санында “Егемен Қазақстан” газеті“ мемлекет басшысын «тамаша жеңісімен Түркия президенті Ахмет Недждет Сезер, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонов, Украина жетекшісі Виктор Ющенко, Испания королі Хуан Карлос, сондай-ақ Өзбекстан, Қытай, Беларусь мемлекеттерінің жетекшілері қоңырау шалып, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты құттықтағанын» жазған.

Ал “Казахстанская правда” газеті сейсенбі күні кешке Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы ресми түрде президенттік сайлаудың қортындысын жариялағанын жазған. Бұл қортынды бойынша Нұрсұлтан Назарбаев 6 млн 147 мың адамның даусын жинап, 91,15 процент алған. Республика бойынша, 6 млн 871 мың 571 азамат президенттік сайлауға қатысып, дауыс берген.

“Газета kz” басылымы өзінің соңғы санында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Қазақстанда өткен сайлауды сынға алғанын атап өткен.

“Айқын” басылымының тілшілері “Үкіметтегі “үнсіз киноның” үлкен үніне куә болып келген. Дәлірек айтқанда желтоқсанның 6 күні өткен үкіметтің кезекті отырысына барған журналистер күтпеген “қызыққа” тап болды деп, жазады “Айқан” басылымы. БАҚ өкілдеріне арналған бөлмедегі алып мониторда құдай ұрғандай үн жоқ. Отырыс болса өтіп жатыр. Журналистерге “үнсіз кино” көргендей, мылқау экранға отыра тұруына тура келді. Абырой болғанда, үкіметтің баспасөз қызметі қажетті ақпараттың бәрін беріп, тығырықтан шығар жолды “тауып”... үлгерді деп жазады, “Айқын” басылымының тілшісі Алтай Бесбоғда. Қазақстанның бас министрі Даниал Ахметовтың төрағалығымен өткен отырыс 2006 жылға арналған республикалық бюджеттің жүзеге асырылуы мәселесін талқылаған. Басылымның хабарлауынша, келер жылдың бюджетінде әлеуметтік мәселелерді шешуге жылдағыдан да басым көңіл бөлінген. Сонымен қатар, “Айқын” газеті Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енудің мәселелеріне тоқталып кеткен. Алғышарттарының бірі тауарлық белгіні, санаткерлік меншік құқығын қорғау деңгейінің жоғары болуы. Күндердің күнінде «ал, кеттік!» деп, ДСҰ-ға мүше бола қалған жағдайда алдымен Әділет басқармасының қызметкерлеріне ұялуға тура келеді, деп жазады басылым. Ақтөбе облыстық Әділет департаментінің қызметкерлері биылдан бастап, ұялы телефондарға музыкалар мен картиналарды көшірумен айналысатын тұлғалар арасында түсіндіру жұмыстарын бастап кеткен. Әзірге олардың қала бойынша нақты саны белгісіз. Өткен жылы Ақтөбедегі кафе, мейманхана, қонақүйлер мен өзге де көңіл көтеру орындарындағы, көпшілік алдында орындалған музыка үшін белгілі мөлшерде ақы төлету жөнінде бастама көтерілді. Тіпті, мұндай мекемелермен келісім құжаттары толтырылған. «Қазақстан авторлар қоғамының араласуымен қаражатты авторларға жеткізу механизмі қарастырылған» – дейді мамандар. Ал тауарлық белгіге келер болсақ, нарықта «тауарды тауарлық белгі сатады» деген ұғым бар. Танылған бренд сауданың қызу жүруіне де көп мүмкіндік береді. Сондықтан тауарлық белгі де заңмен қорғалуы тиіс. Осы мақсатта департамент қызметкерлері негізінен кәсіпкерлер арасында ақпараттандыру шараларын қолға алуды жоспарлап отыр. Мамандар мұндай жұмыстардың жергілікті тауар өндірушілер тарапынан да кең қолдау табатынына сенімді, деп жазылған “Айқын” басылымында.

Ал “Литер” басылымы Қазақстанның байырғы ақпараттық агенттігі “КазТАГ” тілшілерін республика президенті Нұрсұлтан Назарбаев агенттіктің 85 жылдық мерей тойымен құттықтағанын жазған. Өз кезегінде бұрыңғы “ҚазТАГ”, қазіргі “ҚазақАқпарат” агенттігінің тілшілері болашақта ақпаратты жедел әрі бейтарап жеткізіп отыратынына уәде берген. «ҚазАқпарат» Ұлттық компаниясы» – республиканың қазіргі ақпарат кеңістігінде мемлекеттік тілде төл ақпарат тарататын бірден-бір Ұлттық ақпарат агенттігі. Еліміздің экономикасы мен әлеуметтік-мәдени өміріндегі барлық маңызды жаңалықтарды мемлекеттік тілде ғана емес, орыс, ағылшын тілдерінде әлемге жария етіп отырған іргелі мекеме.

Жамбыл облысында тұратын азаматтардың саны 1 миллион адамға жетті, деп жазады “Аргументы и Факты Қазақстан” басылымы. Миллионыншы азаматтың дүниеге келуіне байланысты жергілікті жердің мамандары дүниеге келген миллионшы азамат Данияр Нұрболұлына 1 миллион теңге және оның отбасына жаңа ауданнан екі бөлмелі үй берген. Бұдан бұрын бұл отбасы баспанасыз, пәтер жалдап жүрген екен.
XS
SM
MD
LG