Accessibility links

Қытай көмір шахтасында кемінде 96 адам табылмай жатыр


Қытай ресми ақпарат агенттігі хабарлағандай, ел солтүстігіндегі Хебей провинциясында көмір шахтасында жарылыс болып, кемінде 96 адам табылмай жатыр. Қытай бас министрі Уен Жибао елдің көмір өнеркәсібінде "аласапыран" жағдай қалыптастып, үкімет шара қабылдап жатса да жағдай жақсаратын емес деп кеше ғана мәлімдеген еді. Хейлоңжиаң провинциясында осыдан он күн бұрын көмір шахтасында апат болып, 171 кенші қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG