Accessibility links

Осама бин Ладен әлі тірі деп тағы мәлімденді


"Әл Қаида" басшыларының бірі Айман Әл Зауахри интернетте бейнеүндеуін жариялап, Осама бин Ладен әлі тірі, жихад соғысына өзі қолбасшылық жасап отыр деп мәлімдеді. Айман Әл Зауахри, сол сияқты, Парсы шығанағында орналасқан мұнай кәсіпорындарын шабуыл нысандарына алуға шақырды. Сарапшылар бейнежазба қыркүйектің 19-да жазылған және сол күні "Әл Жәзира" телекомпаниясында көрсетілген дейді. "Әл Жәзира" телекомпаниясы үндеу үзінділерін көрсетіп, бұл тың құжат деген болатын бүгін, соңыра таман қате кеткенін мойындады.
XS
SM
MD
LG