Accessibility links

Рамзан Қадыров енді партиялық қайраткерге айналды


Чешенстан бас министрінің бірінші орынбасары Рамзан Қадыров билік басындағы "Біріккен Ресей" партиясының аймақтық бас өкілі болып сайланды. Рамзан Қадыров – мәскеушіл бағыттағы чешен үкіметіне 2004 жылы мамыр айында әкесі, Чешенстан президенті Ахмад Қадыров бомба шабуылынан қаза тапқан соң кіргізілген болатын. Чешенстанда қараша айында парламенттік сайлау өткенде "Біріккен Ресей" партиясы басымдылыққа қол жеткізді, партия өкілдері парламенттегі 58 мандаттың отыз үшіне ие болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG