Accessibility links

Түркіменстанда мұнай келісімдерін тек президент Ниязов бекітетін болды


Түркіменстан парламенті мұнай және газ мәселелерін президент Ниязовтың тікелей қадағалауына жағдай жасайтын заң қабылдады. Мұнай-газ саласына қатысты келісімдерді, мұнай және газды игеруге рұқсат беруді енді тек президент Сапармұрад Ниязов бекітетін болды. Мемлекет иелегіндегі "Түркіменгаз" және "Түркменнебит" компаниялары шетел компанияларымен бұдан бұлай келісім бекіте алмайды, келісімдергі тек ел президенті қол қоялады. Осыдан бірнеше күн бұрын Ниязов мұнай және газ саласында парақорлық асқынып кетті, шетел мұнай компанияларынан параны ашық алынатын болды, бұл саладағы парақорлыққа қарсы күресу үшін арнайы үкімет тобын құру қажет деген болатын.
XS
SM
MD
LG