Accessibility links

Ұшақ жолаушысын атып өлтірген қауіпсіздік қызметкерлері ережеге сай әрекет етті


МАЙАМИ. Сәрсенбі күні Майами әуе жайындағы бір адамның қазасына себеп болған төтенше оқиғаның терроризммен еш байланысы жоқ. АҚШ үкіметі осылай деп мәлімдеп отыр. Орландо қаласына қатынайтын ұшақтың 44 жастағы 1 жолаушысы, АҚШ азаматы, өзінің қол жүгінде жарылғыш бар деп мәлімдеген. Әуе жайдың қауіпсіздік қызметінің өкілдері оны ұстамақ болып, әлгі азамат қашып құтыламын деп ұшақтың тепкішегінде оққа ұшты. АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік департаментінің өкілдері әуе жайдың қауіпсіздік қызметкерлері ережеге сәйкес әрекет етті деп хабарлады. Ал әлгі жолаушының қол жүгінен ешқандай жарылғыш табылмады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG