Accessibility links

К.Райс Еуроодақтың АҚШ-қа жолдаған қолайсыз сауалына жауап бере ме?


БРЮССЕЛЬ. НАТО-ға мүше 26 елдің сыртқы істер министрлері бүгін Брюссельде НАТО-ның Ауғанстандағы бітімгершілік күштерін ұлғайту жоспарын мақұлдауға тиіс. Жоспарға сәйкес, халықаралық бітімгершілік күштерінің қатары қазіргі 10 мыңнан келесі жылға қарай 16 мыңға дейін ұлғаятын болады. Оның ішінде НАТО Ауғанстанның оңтүстігіндегі рөлін кеңейтеді. НАТО өкілінің кеше атап көрсеткеніндей, Одақ Ауғанстандағы өз күштеріне тұтқынға түскен адамдарды қалай ұстаудың ережесі туралы келісімге келді. Оған сәйкес, тұтқынға түскен әрбір адам Халықаралық Қызыл Крест ұйымында тіркелуге тиіс. Министрлердің Брюссельдегі кездесуі барысында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс “Еуропа елдерінде АҚШ-тың құпия түрмелері бар” деген хабарға байланысты Еуроодақтың жолдаған сауалына жауап беруге тиіс.
XS
SM
MD
LG