ДУБАИ. Арабтардың “Әл-Жазира” телекомпаниясы Ирақта христиандардың 4 уағыздаушысын ұрлап алып кеткен қарақшылардың оларды асып өлтіретін мерзімін сенбіге дейін, яғни 48 сағатқа созғанын мәлімдеген бейнесюжетті көрсетті. Қарақшылар Ирақтағы барлық тұтқынды босатуды талап етіп отыр, онысы орындалмаған күнде, әлгі 4 тұтқынды бүгін асып өлтіретіндерін ескерткен болатын. “Әл-Жазира” мен “Әл-Арабия” телеарналарынан берілген бейнесюжетте тұтқындағы беттері байланған 2 адамның бейнесі ғана байқалып, “Әл-Қаида” ұйымының Еуропадағы рухани көсемі саналатын Әбу Қатада тұтқындағылар өз үкіметтерінің саясаты үшін жаза көрмеуі керек деп мәлімдейді.
Ирақтағы кісі ұрлаушы топ тұтқындағы 4 христианды сенбі күні асып өлтіретіндерін мәлімдеді
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?
-
Шығыс Қазақстан облысы
Кеніш үстіндегі Зайсан ауданының ауылдары неге газбен қамтылмай қалды?