Accessibility links

Ирақ үкіметі 15-інші желтоқсанда парламент сайлауын өткізуге дайын


ВАШИНГТОН. Өзін “Ирақтың Ислам армиясы” деп атайтын экстремистік топ кеше өзі тұтқындап алып кеткен АҚШ азаматын өлтіргенін мәлімдеді. Алайда АҚШ әкімшілігі Ирақта АҚШ маманының хабар-ошарсыз жоғалғаны туралы мәліметтің жоқтығын хабарлады. Аталған экстремистік топ әлгі АҚШ азаматының өмірі үшін Ирақ түрмелеріндегі барлық тұтқынның босатылуын талап етіп келді. Кеше Бағдад қаласында жанкешті-лаңкес жолаушы автобусының ішінде өзін-өзі жарып, одан кемінде 30 адам қаза болып, талай кісі жараланды. Сәрсенбі-бейсенбі күндері Ирақта 3 АҚШ жауынгері қаза тапты. Ирақтың Орталық сайлау комиссиясы 15-інші желтоқсандағы парламент сайлауын өткізуге барлығы дайын деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG