Accessibility links

Халықаралық валюта қоры ең кедей 40 елдің 4,8 млрд. доллар берешегін кешірмекші


ВАШИНГТОН. Халықаралық валюта қоры әлемдегі ең кедей елдердің 4.8 млрд. доллар берешегін жою жоспарын мақұлдағанын хабарлады. Әлемнің ең кедей елдерінің қатарына негізінен Африка мемлекеттері, сондай-ақ Тәжікстан, Камбоджа, Никарагуа, Гандурас және Боливия жатады. 4.8 млрд. доллар қаражат - аталған елдердің Халықаралық валюта қорына 2004-інші жылдың соңына дейінгі қарыздарын қамтиды. Осы елдердің жылына жан басына шаққанда 380 доллардан да аз табысы бар. Олардың қарыздарын жою жоспарына әлі несие беруші 43 мемлекеттің келісімі керек. Берешектерді жою жоспары әлемнің жетекші 8 елінің өткен шілде айында көтерген бастамасының құрамдас бөлігі болып табылады.
XS
SM
MD
LG