Accessibility links

“Израиль жер бетінен ғайып болуы керек” деп мәлімдеген Иран президенті енді: “...еврей мемлекеті Еуропада болуға тиіс” деп кесті


НЬЮ-ЙОРК. БҰҰ, АҚШ, Еуропа Одағы және Израиль Иран президентінің Израиль туралы айтқан тағы бір пікіріне ащы наразылық білдіріп жатыр. Ислам Конференциясы Ұйымына мүше елдердің Меккедегі жиынында Иран президенті Махмуд Ахмадинеджад бұл жолы “Израиль Еуропа территориясында болуға тиіс..., 2-нші дүниежүзілік соғыс жылдарында миллиондаған еврейдің қазасына өзін жауапты санайтын Германия, Аустрия сынды елдер еврей мемлекетіне жер бөліп беруге тиіс” деп мәлімдеді. Ресми Вашингтоннның пікірінше, М.Ахмадинеджадтың соңғы сөзі Иран режимінің алаңдатып отырғаны негізсіз емес екенін тағы да айқын аңғартады. Ал Израильдің сыртқы істер министрі Сильван Шалом Иран президенті Израильді біржола жоюды көздегені анық, енді Иранның ядролық қару жасауына тосқауыл қою үшін әлем күш біріктіруге тиіс деп мәлімдеді. Өткен қазан айында Иран президенті Израиль жер бетінен біржола ғайып болуға тиіс деп мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG