Accessibility links

Ресей және Германия Балтық теңізінің табанымен жүретін газ құбыры құрылысын бастады


Құрылыстың ашылу салтанатына Ресей бас министрі Михаил Фрадков және Германия экономика және технология министрі Михаель Глос қатысты. Құрылыс Вологда облысы Бабаево қаласында басталды. Ұзындығы 1200 километр газ құбыры 2010 жылы іске қосылмақ. Құрылысты Ресейдің "Газпром" компаниясы және германиялық компаниялар жүргізеді. Жоба құны шамамен 4 миллиард 700 миллион доллар болмақ. Құбыр Польша және Балтық жағалауы елдерін айланып, оларды пайдадан қақпақ. Теңіз табанында құбыржол салу табиғатқа зиян әкеледі деген алаңдаушылық көп.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG