Accessibility links

Испанияда террорлық айып бойынша жеті адам қамауға алынды


Испанияда исламшыл жауынгер тобымен сыбайлас деген күдік бойынша жеті адам қамауға алынды, олардың арасында бір әйел бар. Олар исламшыл жауынгерлерді қаржылай қолдауға қатысқан деген күдік айтылды. Мемлекеттік радио таратқан жаңалықты полиция не болмаса ішкі істер министрлігі дәйектеген жоқ. Испания мемлекеттік радиосы ұсталған азаматтар шетелдіктер деді, бірақ олардың ұлттарын атаған жоқ. Қамау Малага қаласы сотының бұйрығы бойынша жасалды делінді. Испанияда былтыр бомба шабуылдарында 191 адам қаза тапқан соң Испания үкіметі исламшыл жауынгерлердің әрекеттеріне қырағы қарайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG