Accessibility links

Ғаламдық ауа жылыну мәселесі бойынша халықаралық келіссөздер шексіз өтетін болды


Монреаль қаласында өткен конференция ғаламдық ауа жылыну мәселесі бойынша халықаралық келіссөздерді шексіз мерзімде өткізуге келісті. Конференция БҰҰ-ның Климат өзгеруі жайындағы конвенциясының аясында өтті. Әлемдік деңгейде өтетін келіссөздердің мерзімі шектелмейді. Конференцияға 189 елдің экология министрлері қатысты. Киото протоколына қосылмаған Америка Құрама Штаттары да келіссөздерге қатысатын болады. Киото протоколы әлемнің қырыққа жуық бай елін өнеркәсіп барысында қышқыл газдарды аз шығаруға міндеттейді. Ғаламдық ауа жылуына өнеркәсіп газ қалдықтары себепші деп айтылады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG