Accessibility links

Төрт жыл қашқан Анте Готовина Халықаралық сотқа жеткізілді


Соғыс қылмыстарын жасады деп айыпталып, төрт жыл қашып жүрген Хорватияның бұрынғы қолбасшысы, генерал Анте Готовина Гаага қаласындағы Халықаралық сотқа жеткізілді. Анте Готовинаны Испания полициясы сәрсенбі күні Канар аралдарында ұстады. Анте Готовина 1990 жылдары бұрынғы Югославиядағы азаматтық соғыста қылмыс жасады деп іздеуге салынған ең үлкен үш қолбасшының бірі. Анте Готовина басқарған жасақ 150 серб азаматын өлтірді, 15 мың сербті жер аударып жіберді делінеді. Анте Готовина айыптаумен келіспейді. Испания ішкі істер министрі Анте Готовинаның екі жалған паспорты болды дейді.
XS
SM
MD
LG