Accessibility links

Әзірбайжанда он аймақта парламент сайлауы қайтадан өтеді


Әзірбайжан парламент сайлауы барысында он сайлау аймағында сайлау қайтадан өтетін болды. Қайтадан дауыс беру күні келесі жылғы 13-мамырға белгіленді. 6-қарашада өткен парламенттік сайлауда 125 сайлау аймағы болса он аймақта сайлау қортындылары жойылды, Орталық сайлау комиссиясы және Конституциялық сот сайлау бұрмалауы болды деп мойындады. Әзірбайжан оппозициясы қайта сайлауға қатыспаймыз, бойкот жариялаймыз дейді. Олар парламенттік сайлау жалпы бұрмаланды, сондықтан барлық сайлау тұтастай қайтадан өткізілсін деп талап қойып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG