Accessibility links

Ел-Барадейге бейбітшілік саласындағы еңбегі үшін Нобель сыйлығы тапсырылды


Норвегия астанасында БҰҰ-ның атом қуаты агенттігінің жетекшісі Мохамед Ел-Барадейге 2005-жылғы Нобель сыйлығы тапсырылды. Салтанатты рәсім кезінде Ел-Барадей құрметті сыйлықты ала отырып былай деді:

- Біздің агенттіктің бюджеті шектеулі, армиямыз жоқ. Дегенмен, біз үлкен ынтамен жұмыс істейміз. Біз тәуелсіз жағдайда жоғары билік алдында талап қойып, оны іске асыра аламыз.

Оның айтуынша, 1945-жылғы АҚШ-тың Жапонияға қарсы бомба шабуылынан кейін 60 жыл, ал қырғый-қабақ соғысынан кейін 15 жыл өтсе де, жер бетінде ядролық қауіп сейіле қойған жоқ. Иран мен Солтүстік Кореядағы атом қарулары бағдарламасы өзге елдерді алаңдатумен келеді. Ел-Барадей 1 млн 300 мың доллар болатын Нобель сыйлығынан өз үлесін түгелдей өз ата-мекені - Мысырдағы жетім балаларға арнамақ, ал агенттік ұжымына тиісті бөлігі қатерлі ісік науқастарын емдейтін қорға берілмек.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG