Accessibility links

Казем Вазири-Хаманеһ - Иранның жаңа мұнай министрі


ТЕҺРАН. Вазири-Хаманеһ аталған лауазымға президент Махмұд Ахмадинежад тарапынан ұсынылған төртінші кандидат болатын. Иран парламентінің 172 депутаты оның кандидатурасын қолдады. Парламентте жалпы 290 депутат бар. Басқа да хабарларға қарағанда, Иран сыртқы істер министрлігі президент Махмұд Ахмадинежадтың Израильге қатысты мәлімдемесін қолдады. Иран президенті Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде миллиондаған еврейді қырған Еуропа елдеріне Израильді көшіру қажет деген болатын. БҰҰ-ы мен әлем елдерінің басшылары Ахмадинежадтың бұл мәлімдемесін сынаған-ды.
XS
SM
MD
LG