Accessibility links

Ливанның экс-премьер-министрінің өлімі жайттарын тергеген неміс тергеуші ертең БҰҰ-ының алдында екінші рет есеп береді


НЬЮ-ЙОРК. Ливанның бұрынғы премьер-министрі Рафик Әл-Хариридің қастандықтан қаза болуы жайттарын тергеген неміс тергеушісі Детлив Мехлис оның барысы туралы екінші есебін БҰҰ-ының Бас хатшысы Кофи Аннанның қолына Нью-Йорк қаласында бүгін түнде тапсырды. Есеп Қауіпсіздік Кеңесінің назарына бүгін кешірек ұсынылып, ал Д.Мехлис Кеңестің 15 мүшесі алдында ертең – сейсенбі күні есеп беруге тиіс. Өзінің бірінші есебінде Д.Мехлис Әл-Харириге қарсы ұйымдастырылған қастандыққа байланысты Сирияның жоғары лауазымды өкілдері мен олардың ливандық сыбайластарын айыптаған болатын. Сирия бұл айыпты “негізсіз” деп бағалап, “саяси тапсырысты орындады” деп Мехлистің өзін айыптап шықты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG