ЖАҢА ГВИНЕЯ. Кеше Папуа-Жаңа Гвинея елінің жағалауында қуатты жер сілкінісі болды. Жерасты сілкінісінің қуаты Рихтер өлшемі бойынша 6.5 балға дейін жеткен. Зілзаланың кіндігі жағалаудан 10-ақ шақырым қашықтықтағы теңіз табанында орналасқан көрінеді. Адамның қазасы немесе басқа апат туралы әзірше хабар жоқ. Алайда АҚШ мамандары Жаңа Гвинеяның жағалауына әлі цунамидің соғуы әбден мүмкін деп ескертіп отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Крокустегі" теракт
Путин неге Мәскеудегі шабуылға Киев пен Батысты кінәлайды?