Accessibility links

Сайлау қарсаңында Ирақта 5 күндік мереке жарияланып, шекара мен әуе жайлар жабылды


БАҒДАД. Ирақтың қорғаныс министрлігі осы бейсенбідегі маңызды парламент сайлауы қарсаңында қауіпсіздіктің қосымша шараларын қабылдады. Сейсенбіден сенбіге дейін фирмалар мен мекемелер жұмыс істемей, осы 5 күннің ішінде елде мерекелік демалыс жарияланып, түнде комендант сағаты орнатылады, қару асынып жүруге тыйым салынады. Шекара мен әуе жайлар бірнеше күнге жабылады. Арнайы рұқсат қағазынсыз ешқандай көлік көшеге шыға алмайды. Ирақта осыдан 2 апта бұрын экстремистер тұтқындап алып кеткен бір американ, бір ағылшын және 2 канадалық азаматтың тағдыры әлі белгісіз. Осыдан бірнеше күн бұрын кісі ұрлаушылар Ирақтағы барлық тұтқын босатылмаса, әлгі 4 азаматты сенбі күні асып өлтіретінін мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG