Accessibility links

Лондон іргесіндегі жанар май қоймасының жарысынан 43 адам жапа шегіп, өрт әлі жалғасуда


ЛОНДОН. Англияның өрт сөндірушілері алып от жалынымен арпалысу үстінде. Лондонға жақын орналасқан Хемел-Хемпстед қаласының маңындағы мұнай қоймасында кеше таңертең бірнеше дүркін қуатты жарылыс болып, соңғы мәлімет бойынша, одан 43 адам түрлі жарақат алды, олардың екеуі ауыр халде жатыр. Қаза болған ешкім жоқ. Жергілікті полицияның пайымдауынша, бұл қайғылы оқиға болса керек, қазір тергеу басталды. От жалыны қаптаған мұнай қоймасының үстінен биік қара түтін көрінеді, денсаулық сақшылары бұқара халықты сыртқа шықпай үйлерінде отыруға шақырды. Жергілікті өрт сөндірушілердің пікірінше, бұл бейбіт Еуропадағы ең зор өрт болып отыр.
XS
SM
MD
LG