Accessibility links

Ирақ үкіметі 2011 жылға қарай мұнай өндіруді 3 есе ұлғайтуды көздеп отыр, бірақ…


ӘЛ-КУВЕЙТ. Мұнай экспорттаушы елдердің ОПЕК ұйымы шикізат өндірісінің осыған дейін белгіленген көлемін сол күйінде сақтау туралы шешім қабылдады. Қазір тәулігіне 28 млн. баррель мұнай өндіріледі. ОПЕК-тің Кувеиттегі отырысында осындай шешім қабылданды. ОПЕК отырысында сөз сөйлеген Ирақтың мұнай өнеркісібі министрі Ибраһим Әл-Улум: “2011-інші жылға қарай Ирақ шикізат өндірісінің көлемін 3 есе ұлғайтуды көздеп отыр”, деп мәлімдеді. Бірақ, оның атап көрсетуінше, күн сайын түрлі диверсияның басты нысанына айналған мұнай құбырларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ең басты проблемаға айналып отыр.
XS
SM
MD
LG