Accessibility links

Чешенстанның жаңа парламенті Халық жиналысы мен Республика кеңесі палаталарының спикерлерін сайлады


ГРОЗНЫЙ. Кеше күтпеген жерден келген Ресей президенті В.Путиннің қатысуымен Чешенстанның жаңа парламенті өзінің бірінші сессиясын бастап, жоғарғы және төменгі палаталардың төрағаларын сайлады. Тікұшақпен ұшып келген В.Путин Грозныйда жарты сағат аялдады. Өз сөзінде ол елде тыныштық орнатуға қосқан үлесі үшін депутаттарға алғысын айтып, “Ресей – әрқашан да ислам әлемінің мұң-мүддесін ең адал, ең сенімді әрі тұрақты түрде қорғап келді...” деп мәлімдеді. Депутаттар экономист әрі бұрынғы ауыл-шаруашылық министрін төменгі палата – Халық жиналысының төрағасы, ал Ножай-Юрт ауданының бұрынғы әкімін жоғарғы палата – Республика Кеңесінің спикері етіп сайлады. Чешенстандағы соңғы парламент сайлауын Батыс елдері “демократияға сай емес” деп бағалады.
XS
SM
MD
LG