Accessibility links

Сирияның ықпалына қарсы Ливан саясаткері елге оралған бойда қастандықтан қаза тапты


ВАШИНГТОН-БРЮССЕЛЬ. АҚШ пен Еуроодақ Сирияның ықпалына қарсы көзқарасымен танылған Ливан парламетінің депутаты әрі ірі баспагер Джибран Туенидің қастандықпен өлтірілуіне өздерінің наразылығын білдірді. Джибран Туени - өзінің басына төнген қатерден сескеніп бірнеше ай бойы тұрған Париж қаласынан елге оралған сәтінен 1 тәулік өтпей жатып кеше қастандықтың құрбаны болды. Сирияның ықпалына қарсы Ливанның бірқатар саясаткері бұл қастандық үшін ресми Дамаскіні айыптаса, Сирия өзінің оған еш қатысы жоқтығын мәлімдеп отыр. Ливан үкіметі БҰҰ-ын 14-інші ақпанда қаза болған экс-премьер-министр Рафик Әл-Хариридің өлімінен бастап өзге қастандықтарды тергеуге шақырды. БҰҰ-ының екінші есебі де Әл-Хариридің өліміне Сирияның қатысы болғанын дәлелдеген бірінші есепті және Дамаскініңосы тергеуге бөгет жасамақ болғанын тағы да растады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG